100 төсек-орынға арналған жаңа орталық өңірлік онкологиялық қызметтің негізгі буынына айналып, облыс тұрғындарына оның аумағынан тыс жерлерге шықпай-ақ мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта онкологиялық қызметтің әлеуеті де нығайтылуда: бейінді мамандар саны 3-тен 11-ге дейін артты, төсек-орын қоры 20-дан 50 тәулік бойы жұмыс істейтін төсек-орынға дейін ұлғайтылды.

Жаңа орталық қандай мүмкіндіктер береді?

  • Сәулелік терапияны тікелей өңірде жүргізу;

  • Онкохирургия мен заманауи диагностиканың мүмкіндіктерін кеңейту;

  • Интервенциялық онкология мен мамандандырылған оңалту қызметтерін дамыту;

  • Пациенттерді бір медициналық мекемеде кешенді емдеу және бақылау.

Жоба EPC тетігі бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2027 жылға жоспарланған.

Орталықтың құрылысы еліміздің денсаулық сақтау саласын ауқымды жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі болмақ. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде 70 жаңа медициналық нысан салу жоспарын атап өтті.

Басты нәтиже – онкологиялық көмектің тұрғындарға жақындай түсуі және қолжетімділігінің артуы. Ерте диагностика, уақтылы емдеу және заманауи медициналық технологиялар Ұлытау облысының тұрғындарына тұрғылықты жері бойынша қолжетімді болуы тиіс.