Сабит Атабаев – «Әділет» партиясынан Жезқазған қалалық мәслихатының №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер.
Атабаев Сабит Қасымбекұлы 1987 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. №27 қазақ орта мектебін тәмамдап, Семей мемлекеттік медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түскен. 2013 жылы «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған.
Еңбек жолын Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасында хирург дәрігер ретінде бастаған. 2014 жылы Қарағанды медицина университетінде урология мамандығы бойынша білім алған. 2015 жылдан бастап урология бөлімшесінде дәрігер-ординатор болып еңбек етіп келеді.
2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Израильде эндоурология бағыты бойынша алты айлық тағылымдамадан өтті. Сол жылдан бастап Ұлытау облысының штаттан тыс бас урологы қызметін атқарып келеді.
2024 жылдан бастап облыстық көпсалалы аурухананың «Сенім» кәсіподағының төрағасы.
Сабит Атабаевтың 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды:
Жолдар мен қалалық инфрақұрылымды жақсарту;
Тұрғын үй мәселелерін шешу және әлеуметтік қолдау;
Сапалы ауызсумен және коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
Газдандыру, жылу және электр желілерін дамыту;
Жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарды жұмыспен қамту;
Білім беру инфрақұрылымын жетілдіру;
Әлеуметтік қорғау және инклюзивті ортаны дамыту;
Жастарды қолдау, спорт пен бос уақытты ұйымдастыру;
Жезқазғанның мәдени және туристік әлеуетін арттыру;
Экологиялық ахуалды жақсарту және қаланы абаттандыру.
Тапсырыс беруші: Атабаев С.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.
